Мейірбикелік басшылықтағы рөлдер мен міндеттеріндегі өзгерістер

Соңғы жылдары Қазақстанда медициналық мейірбикелік білім беру дамуда. Денсаулық сақтау саласындағы және, әсіресе, халық қажеттілігіне сәйкес Мемлекеттік білім беру стандарттары модернизацияланды. Жаңа  қолданбалы бакалавриат та европалық нұсқалықтарға сәйкес келеді. Қолданбалы баклавриаттың алғашқы түлектері оқуларын аяқтады және енді олар кеңітілген практикасы бар медициналық мейірбике болып жұмыс жасай алады. Медициналық мейірбикелік білім беру дәрігер деңгейіне сәйкестендірілгендіктен, денсаулық сақтау мекемелері де магистрлік білім деңгейі мен докторлық дәрежесі және кеңітілген практикасы бар медициналық мейірбикелерді қабылдауға дайын болуы тиіс. Осының өзі денсаулық сақтау мекемелерінің медициналық мейірбикелерге жаңа лауазымдық жұмыс, сол сияқты мекемелердің барлық деңгейінде  мейірбикелік үдерісті ұйымдастырудың  жаңа рөлдері мен міндеттерін ұсынуды  қажет етеді. Өзгерістер табысты болу үшін, бас және аға медициналық мейірбикелердің өзгерістерді  басқарудағы дағдылары жақсы  болуы талап етіледі.

ProInCa-жобасының мақсаттарының бірі 2018 жылы орындалған зерттеулер нәтижесіне негізделген мейірбикелік істі, көшбасшылық тренингтерді дамытуды университеттік оқу мекемелерінде  оқыту үшін ұсыныстар құрастыру болады. Респонденттер мейірбикелік көшбасшылыққа оқытудың және денсаулық сақтау мекемелерінде мейірбикелік көшбасшылықтың құзырлылығын дамытудың маңызын  атап көрсетуде. Қазақстан университеттерінде мейірбикелік істегі көшбасшылық пен мененджментті оқытуды күшейту қажет, мейірбикелік көшбасшылық бөлек пән ретінде оқытылуы тиіс. Жоғары білім берумен медициналық мейірбикелікті мамандық ретінде және денсаулық сақтау мекемелерінде мейірбикелік үдерісті жақсартуға қабілетті мейірбикелердің жаңа ұрпағы пайда болады. Одан өзге мейірбикелік дербестікті жоғарлату қазіргі және болашақ медициналық мейірбикелері-жетекшілерінің маңызды міндеттерінің бірі. Сөйте тұра медициналық мейірбике мен дәрігер арасындағы партнерлік өте маңызды. Мейірбикелік үдерісті халықаралық және ұлттық салыстырмалы талдау, сол сияқты ықпалдастық әрі мейірбикелік үдеріске, әрі мейірбикелік көшбасшылыққа оқытуда, сол сияқты медициналық мейірбике практикасына пайдалы. Сонымен медициналық мейірбикелердің құзырлылығын дамыту мейірбикелік іс реформасының маңызды бөлігі.

Жақын арада унификацияланған  ұсыныстар басшылығы Қазақстанның денсаулық сақтау мекемелерінде қолдану үшін мейірбикелік қызмет көрсетуді ұйымдастырудың моделі беріледі. Бұл ұсыныстардың мақсаты  мейірбикелік істі дамытуды және медициналық мекемелердегі мейірбикелік істің жаңа басшылық лауазымдарын қолдау. Осындай жағдайда мейірбикелік істегі өзгерістерді мықты басқару қажет. ProInCa жобасы көшбасшылық қасиетті дамытуды және өзгерістерді басқаруды қолдайды және мейірбикелік Орталық платформасындағы (CNE, https://nursekz.com/ru/about/) мейірбикелік іс аймағындағы көшбасшылық туралы материалдарды береді. Бұл платформада көшбасшылық материалдары әрі оқытушылар-медмейірбикелерге, әрі өзінің көшбасшылық дағдыларын дамытуға ынталы медмейірбикелерге де қолжетімді. Одан басқа CNE-де көшбасшылық блогі бар. Блок ең жақсы практиктермен бөлісуге мүмкіндік береді және мейірбикелік көшбасшылықты көрсете алады. Алдыңғы қатарлы тәжірибемен және идеялармен алмасу денсаулық сақтау мекемелерінде мейірбикелік істің дамуына ықпал етеді және медмейірбикелер-оқытушыларды, медмейірбикелер-жетекшілерді және практикадағы медмейірбикелерді қолдайды, мейірбикелік істегі алдыңғы қатарлы (новаторлық) практиканы енгізуге мүмкіндік береді. Блог – ол медмедбиеклер-жетекшілерді  денсаулық сақтау аймағындағы олардың жаңа рөлі мен міндеттерін көрсетудің жаңа тәсілі. Медмедбикелер және басқа медициналық қызметкерлер - мейірбикелік істегі реформаны жүзеге асырушылар.

Hannele Tiittanen, Päivi Huotari

Лахти қолданбалы ғылымдар университеті

Бөлісіңіз: