Қазақстандық медицина университеттеріне арналған зерттеу материалдарын әзірлеу

Авторлары

Йоханна Хейккиля и Ханна Хопия,
Университет прикладных наук JAMK, Финляндия

СІЗГЕ МЕЙІРГЕРЛІК САПАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ЖОБАЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУ БОЙЫНША ОҚЫТУ МАТЕРИАЛДАР КЕРЕК ПЕ?

2019 жылдың қазан айында медициналық жоғары оқу орындары мен жоғары медициналық колледждердің 20-дан астам ғылыми-зерттеу оқытушылары мастер-классқа қатысып, мейіргер ісі саласындағы сапалы зерттеулер және даму жобалары бойынша оқу материалдар сынау үшін жиналды. Материалдар көктемде әзірлеген. Оқу материалдарының мақсаты – академиялық мейіргерлік білім беруді сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін мейіргер ісінің мазмұны мен сипаттамалары бойынша профессорлық-оқытушылық құрамның әлеуетін арттыру. Жоғарыда көрсетілген материалдар барлығы тегін пайдалануы үшін Мейіргер ісін жетілдіру орталығының Moodle платформасында (http://course.nursekz.com/) орналастырылған.

Мұнда «Мейіргерлік зерттеу мен жобаларды әзірлеу» тобының мүшелері оқу материалын жақсарту туралы ойларымен бөлісуі көрсетілген.

АЛ ӘЗІРЛЕУШІЛЕР МЕН ТЕСТІЛЕУШІЛЕР КІМ БОЛҒАН?

Мастер-класс барысында Астана медицина университетінің, Қарағанды ​​медициналық университетінің, Қазақ ұлттық медициналық университетінің, Семей медициналық университетінің, Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының және Батыс Қазақстан медициналық университетінің ғылыми-зерттеу мамандары Power Point презентация дәрістерін, тапсырмаларын және жаттығулар қолдана отырып, қатысушыларға оқу материалдарын ұсынды. Финляндия, JAMK қолданбалы ғылымдар университетінің PhD (мейіргер ісі бойынша) Ханна Хопия  және Нидерланды,  Ханзе қолданбалы ғылымдар университетінің PhD (антропология бойынша) Бетти Остерхоф  сарапшылары әзірлеушілерге мазмұн, мейіргер ісі туралы ғылым және педагогика туралы пікірлер айтты.

Болон процесінің сәйкестігін қамтамасыз ету үшін магистрлерді, академиялық және қолданбалы бакалавриат мамандарын мейіргер ісіне дайындауға арналған мемлекеттік білім стандарттарына байланысты деңгейлік сараптама (магистр 7 деңгейде  немесе бакалавриат 6 деңгейде еуропалық біліктілік шеңбері бойынша) жүргізілді. Бұған әртүрлі курстарда / пәндерде қалай және қандай материалдарды қолдануға болатындығы туралы кеңестер беру арқылы қол жеткізілді.

Семей медициналық университетінен Лаура Қасым зерттеу этика бойынша материалымен таныстырып, оны әріптестеріне ұсынып жатыр.

ДАМЫҒАН ЖӘНЕ ТЕСТІЛГЕН ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНДАРЫ НЕ?

Мейіргер ісіндегі сапалы зерттеу материалдары алты тақырыпты қамтиды:

1) философиялық негіздер, 2) деректерді жинау, 3) деректерді талдау, 4) сапалы зерттеулердің құжаттамасы (есебі), 5) сенімділік және 6) зерттеу этикасы.

Зерттеу әдістемесі мен мейіргер ісі саласындағы жобаларды дамыту үшін жасалған материалдар алты тақырыпты қамтиды: 1) зерттеулер мен жобаларды әзірлеу анықтамалары мен айырмашылықтар,

2) жобаларының зерттеу мен дизайнның әр түрлі мысалдары; 3) ғылыми-зерттеу жобаларының тәсілдері, құрылымы мен процесі; 4) мейіргерлік жобаларды әзірлеу; 5) мәліметтерді жинау және талдау әдістері; және 6) зерттеу жобаларының және жобаларының әзірлеу этикасы, жоба менеджменті.

Екі оқу пакетінде Power Point форматындағы дәрістер жиынтығы, тапсырмалар мен жаттығулардың толық сипаттамасы бар. Мейіргерлік зерттеулердің әдістемесі бойынша ұсынылған мақалалар мен кітаптардың тізімі материалдарының екі оқу пакетінде де енгізілген.

Төменде Moodle онлайн платформасының суреті берілген.

ЖАЛПЫ ОҚЫТУ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ПАЙДАСЫ ҚАНАДАЙ?

Қатысушылар әзірленген материалдарды өте пайдалы деп тапты, өйткені көптеген оқытушылар мейіргерлік зерттеулердің әдіснамасымен таныс емес және оларда жобаларды әзірлеу тәжірибесі болмаған. Материалдар халықаралық стандарттарға сәйкес келіп, оқытудың сапасын үйлестіреді және жақсартады.

Барлық материалдар орыс тілінде қазақстандық оқу орындары үшін қол жетімді. Moodle платформасына кіру үшін жоба жетекшісі Йоханна Хейккилямен байланысыңыз.

Бөлісіңіз: