Мейіргерлер күні құтты болсын!

Жыл сайын, 12 мамырда, Флоренс Найтингейлдің дүниеге келуімен сәйкес келетін, біз бүкіл әлемдегі мейіргерлерді біздің қоғамдағы маңызды әсері мен үлгілі рөлі үшін еске алып атап өтеміз.

Өткен жылы Флоренс Найтингейлдің 200 жылдығына орай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылды «Халықаралық мейіргерлер мен акушерлер жылы» деп белгіледі. Олар сол жылы пандемия әлемді шарпып кетеді деп ойлаған емес! Бұл іс-шаралардың жақындасуы мейіргерлердің пациенттерге қамқорлық жасаудағы, отбасыларды жұбатудағы және қоғамның денсаулығын қорғаудағы маңызды рөлін еске салады.

Уақыт мейіргерлердің білім беру, зерттеу салаларына, ең бастысы, пациенттерге
көмекке үлес қосқан негізгі рөлін белгілеп, дәлелдеді, өйткені біз жалғасып жатқан әлемдік пандемияның зиянды әсерін сезудеміз.

Біз жеке адамдарға және біздің қоғамға сапалы қамқорлықты дамытуды жалғастыра отырып, бүгінгі күні біздің мейіргерлерге зор алғысымызды білдіретін маңызды күн. Біз сіздердің барлық құрбандықтарыңызды, жомарттықтарыңызды және жанашырлықтарыңызды жоғары бағалаймыз!

Мейңіргерлер шынымен де жаһандық денсаулықты жақсартудың катализаторы болып табылады.

Мейіргерлер күні құтты болсын!

ProInCa командасының атынан,
Нэнси Стит және Паоло Колет

Бөлісіңіз: