Мейіргер ісі саласында оқытудың үздік халықаралық тәжірибесі

Авторлары:

Paolo Colet
Nancy Stitt
Joseph Almazan
Jurgita Gulbiniene
Назарбаев Университетінің Медицина мектебі, Мейіргерлік білім беру

Болашаққа бағдарланған мейіргерлерді даярлау

Денсаулық сақтау әртүрлі мемлекеттерді жедел өзгеріске ұшырап, мейіргер ісі саласында білім берудің келешегі бейімделуге керемет мүмкіндік ұсынады, өйткені бұл кәсіп денсаулық сақтау саласы мен халықтың әріптесі болуы үшін шекті орынға ие болып отыр. Көп мемлекеттер тағылымдама немесе мейіргер ісіндегі білім беруде ауруханалық модель арқылы оқытуды қолданса, заманауи әлемде біздің мейіргерлерді даярлау мен оқыту мәселелері өз шешімін таппай отыр. Ең алдымен, мейіргер ісі бойынша оқытудың бағдарламалары біздің елімізде мемлекетімізге тән мәдениет, ұлттық және халықаралық білім беру стратегияларынан тұратын өзіне тән көптеген факторларға тәуелді. Осылайша, бұл блогта ғаламдық тұрғыдан бакалавриат деңгейіндегі мейіргерлерді даярлаудың үздік тәжірибесін салыстырып қарастыратын боламыз.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) «Кәсіби мейіргерлер мен акушерлерге бастапқы білім берудегі ғаламдық стандарттары» нақты мәліметтер мен дағдыларға негізделген акушерлер мен мейіргерлерді оқытудың негізгі құраушыларын анықтайды (World Health Organization 2009). Бұл құжат мемлекеттер үшін олардың бастапқы мейіргерлік іс бойынша оқыту стандарттарын әлемдік деңгейге дейін көтеруге арналған негізгі құжат болып табылады.

Еуропалық аймақта 2013/55 Директивасы (кәсіби біліктілікті мойындау туралы 2005/36/ЕС Директивасына өзгерістер енгізген) мейіргерлерді оқыту дайындығын халықаралық стандарттау, оқудағы икемділік, біліктілікті өзара мойындау, айқындылықты арттыру мақсатымен сипаттайды (Humar & Sansoni, 2017). Мейіргер ісі саласындағы бакалавр дәрежесі оқытудың кемінде үш жылынан кейін ғана берілуі мүмкін, бұл эквивалентті ECTS сипатталып, теориялық және клиникалық білім берудің кемінде 4600 сағатынан тұрады (240 ECTS). Теориялық оқытудың мерзімі оқу сағаттарының үштен бір бөлігін құрайды, ал клиникалық даярлау мерзімі оқу сағаттарының жарты бөлігінен кем болмауы тиіс (Gobbi & Kaunonen, 2018). Директивада бакалавриатты аяқтаған студенттер қажетті білімдер, дағдылар мен компетенциялар көрсетуі тиіс екендігі айтылған.

Солтүстік Америкада, негізінде АҚШ-та лицензияланған мейіргер атанудың үш алуан түрлі жолы бар және олардың барлығы мейіргер ісі бойынша лицензия алуға емтихан тапсыруға құқылы. Оның бірі – әдетте ауруханада өтуі тиіс оқытудың үш жылдық бағдарламасы, екіншісі – қоғамдық колледждер арқылы үшжылдық ассоциацияланған дәрежесін қарастыратын колледждер мен университеттер арқылы болса, үшіншісі – бакалавр дәрежесін алуға төртжылдық оқытуды қарастыратын колледждер мен университеттер (Мейіргерлік іс бойынша колледждердің Америкалық ассоциациясы, 2019). АҚШ-та негізгі мәселелердің бірі адекватты клиникалық сағаттарды көрсету болып табылады. Мейіргерлерді лицензия алуға дейінгі оқытудың ерекше айырмашылығы - симуляторда орындалған сағат саны клиникалық сағаттар ретінде есепке алынады. Мейіргер ісі бойынша Ұлттық кеңестің (NCSBN) симуляцияны қолдануға арналған ең ірі және жан-жақты зерттеулері симуляцияның 50 пайызға дейінгі бөлігі мейіргер ісінің лицензия алуға дейінгі бағдарламасының барлық негізгі курстары бойынша дәстүрлі клиникалық тәжірибені тиімді алмастыра алатындығын көрсетті (Hayden et al., 2014).

2015 жылы NCSBN құрған сарапшылар тобы осы зерттеу барысында жинақталған мәліметтерді, алдыңғы зерттеулерді және Үздік тәжірибе стандарттарын: клиникалық симуляция мен оқыту бойынша мейіргерлердің Халықаралық ассоциациясы ұсынған SimulationSM стандарттарын мейіргер ісінің лицензия алуға дейінгі бағдарламасы үшін АҚШ-қа симуляция бойынша ұлттық басшылықтарды әзірлеу мақсатында зерттеп, 2015 жылы қазанда Journal of Nursing Regulation (http://www.journalofnursingregulation.com/article/S2155-8256(15)30783-3/pdf) жариялады.

Симуляциялық оқыту студенттерге қауіпсіз ортада қажетті сенімділікке ие бола отырып, сәтті және қате орындалған дағдыларды орындауға мүмкіндік береді. Жиі орындалмайтын, жоғары қарқынды симуляциялық жаттығуларды қоса отырып, студенттер жоғары қауіпті жағдайлардағы науқастарға дәл әрі қажетті күтімді көрсетіп, дәстүрлі клиникалық оқытуда үйрене алмайтын дағдыларға ие болу мүмкіндігіне қол жеткізеді.

АҚШ-тағы бакалавриатта білім алу дизайны кәсіптік мейіргер тәжірибесіне арналған бакалавриаттың оқыту бағдарламаларын әзірлеу мен бағалау үшін негіздермен қамтамасыз ететін құжат болып саналады - 2008 (AACN, 2008).  Бұл құжат кәсіби мейіргерлер тәжірибе үшін бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен бағалаудың негізін тоғыз «Негіз» қолданумен қамтамасыз етеді, бұл негіздер тәжірибеге бағдарланған білімдер, дағдылар, қатынастар мен нәтижелерді анықтайды. Бүгінгі таңда AACN 2020 жылға қазіргі қолданыстағы Негіздерді жаңарту үрдісінде әрекет етеді.

Азияда,  негізінен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде (South East Asian Ministers of Education Organization, 2016), мейіргерлерді бакалавриат деңгейінде даярлаудың алуан түрлері бар, бұл оқуға қабылдаудан бастап мейіргер ісі саласындағы бакалавр дәрежесіне дейінгі дәрежелер болып табылады. Бұл аймақтардағы мемлекеттер ең төменгі талап компетенциялардың бес негізгі саласы бойынша орналастырылған 32 көрсеткіштермен бес негізгі компетенциялар саласын қолданатын (этика, юриспруденция, мейіргерлердің кәсіптік тәжірибесі, көшбасшылық және менеджментғ оқыту және зерттеу, жеке және кәсіптік сапа) 4-жылдық бакалавр дәрежесіне негізделуі керек деген негізгі талап бойынша оқытады. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жоғары білім беруді, соның ішінде мейіргерлік істі унификациялау идеясы ​​ European Higher Education Area (EHEA; Robertson, Olds, Dale et al., 2016) дереккөзінен алынған.

Жалпы, жоғарыда сипатталған мейіргерлерді даярлау бағдарламасы мәйіргер кәсібіндегі шеберліктің жоғары дәрежесіне жету мен көрсетілген медициналық көмекті жақсарту мақсатына жетуге қажетті шарт болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген стандарттар ДДСҰ стандарттарына сәйкес әлемнің алуан түрлі аймағынан мейіргерлі даярлау компетенцияларға негізделген оқу бағдарламасына сай екендігін көрсетеді. Сәйкесінше, мейіргерлер науқастардың күрделі қажеттіліктердің қанағаттандыру үшін, кәсіби нәтижелерге қол жеткізуге және кәсіби медициналық топтармен ынтымақтастық етуге және науқастарды қауіпсіз күтім көрсетумен қамтамасыз етуге қажетті тиісті медициналық білімге ие болуы керек.

Бөлісіңіз: