Өтпелі кезеңде медбикелердің білікті басшылары қажет

Авторы:
Ханнеле Тииттанен
Қолданбалы ғылымдар лабораториясы (бұрынғы Лахти қолданбалы ғылымдар университеті)

Ауыспалы кезеңде мекеменің көшбасшылдық мүмкіндіктері сыналады. Қазақстанда медициналық көмек көрсету тарихи өзхгерістерге ұшырауда. Себебі медицинаның ең ірі бөлігі – медициналық мейірбикелер – денсаулық сақтау мекемелерінің барлық деңгейінде жаңа рөлге, міндеттер мен лауазымға ие болуда. Осы жағдай медициналық мейірбикелердің карьералық өсуіне мүмкіндік береді. Медициналық мейірбикелердің дайындық деңгейін қолданбалы не академиялық бакалавр дәрежесіне дейін көтеру карьералық өсудегі алғашқы қадам және бұл жағдай мейірбикелік күтімді іске асыруда медициналық мейірбикелер рөлін тәуелсіздендіреді. Магистр дәрежесіне жету мекемелерде басшылық лауазымдарға талапкерлікке жол ашады. Медициналық мейірбикелердің басшы қызметкер болуына ұмтылу – биік мақсат. Ауысу кезеңіндегі жағдаларында талапты және құзырлы медициналық мейірбикелер-басшылар мейірбикелік істі және мейірбикелік күтім бағыттарын дамыту үшін өте қажет. Медициналық мейірбикелер-басшылар медициналық мейірбикелік қауымдастықтың мүмкіндіктерін жақсартуды және стратегиялық мақсаттарға шынайы берілуді қолдайды, сол сияқты өтпелі кезеңдегі денсаулық сақтаудағы болуы мүмкін кедергілерден өтуге ықпал етеді.

ProInCa жобасы денсаулық сақтаудағы құрылымдық өзгерістерді қолдайды, сол сияқты осы бағыттағы медициналық мейірбикелер-көшбасшыларының рөлдері мен ұстанымдарын күшейтеді. Бүгін мейірбикелік істің деңгейін көтеру үшін денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық мейірбикелердің мүмкіндіктерін дамыту жоспарын жасайтын уақыт келді. Бұл сонымен қатар қазіргі кезде басшылық лауазымындағы көптеген медициналық мейірбикелер санаттылығын көтеру деген сөз. Мейірбикелік қызметтегілерге берілетін инвистициялар және медициналық мейірбикелер-басшылар мүмкіндіктерін күшейту мекеменің дамуына қосылатын ең жақсы инвистиция болып есептеледі. Құзырлы медицина қызметкерлері мен медициналық мейірбикелер-басшылар қоғам қажеттілігіне тез назар аударуға қауқарлы. Осымен қатар құзырлы қызметкерлер бұрынғыдан да тәуелсіз, сапалы, тиімді медициналық көрсете алады және көрсетілген көмектің қауіпсіздігін жақсарта алады. Құзырлы медициналық мейірбикелер-басшылар, әсіресе өзгерген жағдайда, мейірбике қызметкерлерін жоғары деңгейде басқара алады. Медициналық мейірбикелері карьерасының келесі қадамы – мейірбикелік істегі магистрлік не докторлық дәреже алу. Флоренс Найтингейл айтқандай: «Өзімізді ісі біткен медициналық мейірбикелерміз деуден бас тарталық.... біз өмір бойы оқуымыз керек»». Келесі қадамға аяқ басыңыз және көшбасшы болу мүмкіндігшіне ие болыңыз.

Бөлісіңіз: