COVID-19 медбикелер үшін нені білдіреді?
Мейіргер ісін жетілдіру орталығында онлайн режимінде білім алу
Авторы:
Бия Дийкман, Ханзе қолданбалы ғылымдар университеті, Голландия
Қазіргі кезде COVID-19 коронавирус инфекциясы бұрқ етуінен соңғы бірнеше апта бойы көптеген адамдар үйлерінде қалуға мәжбүр, осыған байланысты онлайн оқыту мен білім алудың үлкен сұранысы байқалады. Вирус медбикелердің жұмысына үлкен әсер етеді. Медбикелер COVID-19 туралы және осы вирус медбикелердің тәжірибесіне қалай әсер ететіні туралы Мейіргер ісін жетілдіру орталығының (МІЖО) веб-сайтында көбірек ақпарат біле алады. Бұл сайтта сіз вирусты өз бетінше зерттеу және аурудың таралуы, ұлттық және халықаралық нормалар, әр түрлі пациенттер топтары үшін алдын алу және емдеу үшін пайдалана алатын ақпаратты таба аласыз. (https://nursekz.com/covid-19/). Бұл ақпаратты сарапшылар дайындады, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әзірлеген бірнеше онлайн-курстар да бар. Соныменм бірге, ұсынылған ақпаратты Мейіргер ісі оқытушылары онлайн-сабақтар мен студенттерді оқыту үшін пайдалана алады.
Коронавирус туралы ақпарат МІЖО-ның Қазақстанда онлайн білім алу және оқытуға үлес қосудағы мысалдардың бірі ғана болып табылады. Себебі, білім алу және оқыту үшін МІЖО пайдаланудың үлкен мүмкіндіктері бар. Ол үшін Сіз барлық ақпаратпен танысып, ProInCa жобасы мен МІЖО ұсынылған мастер-кластар мен семинарлар туралы жаңалықтармен таныса аласыз. Мысалы, сәуір айында "Дәлелді мейіргер тәжірибесі - ең үздік тәжірибені енгізу" тақырыбында үш күндік курс өткізіледі. Бұл курс Мейіргер ісі оқытушылары үшін толық онлайн жүргізіледі. Халықаралық сарапшылар онлайн-дәрістер өткізіп, оларды сақтап, мастер-кластен кейін бұл материалдар МІЖО веб сайтында болады.
Онлайн оқу материалдарын әзірлеуде әр түрлі талаптар бар. Ең бастысы, онлайн ресурстар өте айқын және қысқа болуы керек. Интернетте осы бағытта көптеген талаптар мен кеңестер таралған. Онлайн оқыту Қазақстан сияқты үлкен елде көптеген артықшылықтарға ие, өйткені оқытудың бұл түрі алыстағы облыстарда медбикелерге қолжетімді. Болашақта МІЖО онлайн режимінде пайдалануға болатын оқу материалдар тізімін ұлғайтатын болады. Егер сізде МІЖО сайты арқылы таратқыңыз келетін ұсыныстар мен материалдарыңыз болса, сіз келесі электрондық мекен-жай бойынша хабарласа аласыз: info@nursekz.com