Мейіргер ісін жетілдіру орталығы үшін электронды плаформа әзірлеу

Мейірбике ісі және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықта электронды платформаларды пайдалану медбике тәжірибесін жақсартуға және емізулі сапаны жақсартатын дәлелді араласуларды кеңейтуге ықпал етуі мүмкін. Осыған байланысты ProInCa жобасы шеңберінде мейірбикелердің ұлттық және халықаралық қауымдастығы арасында ынтымақтастық пен білім алмасудың тұрақты механизмдері  арқылы ұзақ мерзімді әсер ету үшін  мейіргер ісін жетілдіру орталығының (МІЖО) электронды платформасы әзірленді.

2020 жылы жоба аяқталған соң мейірбикелердің кәсіби қоғамдастығы, мейіргер ісіндегі оқытушылар мен зерттеушілер өздерінің қызметін әрі қарай МІЖО электронды платформасында жалғастырады.

Электронды платформа барлық мейірбикелер мен медициналық қызметті жеткізушілерге нақты мәліметтерге  негізделген қолжетімді заманауи білім береді. Нақты мәліметтерге  негізделген практика, клиникалық нұсқаулықтар мен зерттеулер нәтижесі сияқты бағыттар бойынша мейірбикелерді ақпараттандыру және оқыту – мейірбике ісі практикасын жақсарту үшін өте маңызды.

Жалпы алғанда,  электронды платформа – бұл ақпараттық және бағдарламалық жасақтталған және басқа да технологиялар  әзірленетін негізгі  технология. Егер бұл платформалар оқыту, сонымен қатар басқару және мониторинг дағдылар  модулі бар виртуалды оқу ортасын жасауға мүмкіндік беретін құралдармен жабдықталған болса оларды электронды оқыту платформасы деп атауға болады.

Электрондық платформалар, әдетте, білім беру мен оқу процесін қолдау және жетілдіру үшін оқытушыларға, білім алушыларға және басқа да білім алушыларға, ақпараттар, құралдар мен ресурстар ұсынатын интерактивті онлайн қызметтерден тұрады.

Электронды платформаның талаптары мен қажеттілігін анықтау үшін,  қызығушы тараптың қажеттіліктерінің қанағаттандырылғанына көз жеткізу үшін потенциалды қолданушылармен кеңесу маңызды.  Сондықтан, ProInCa жобасының шеңберінде әдебиеттерді жүйелі түрде қарап шығу арқылы сараптамалар жүргізіледі, содан кейін осы талаптарға басымдық беру туралы сарапшылар арасында консенсусқа қол жеткізу үшін Delphi зерттеуі жүргізіледі.

Сапашылар тобына үш елден  60-қа жуық  қатысушы шақырылды: Қазақстан, Финляндии және Нидерланды. Электронды платформа қазақстандық мейірбикелердің қажеттіліктері есебінен жасалу керек болғандықтан сарапшылардың 75%-ға жуығы Қазақстаннан болды. Білім беру, зерттеу, клиникалық практика және ақпараттық технологиялар, сонымен қатар лидерлік және басқарма саласындағы сарапшылар енгізілді. Зерттеулер қорытындысы бойынша  МІЖО электронды платформасының талаптарына қатысты консенсустың жоғары деңгейі анықталды: мазмұны; функционалды мүмкіндігі; техникалық аспектілері, басқарудың мүмкіндігі мен ерекшеліктері. Талаптар МІЖО электронды платформасын әзірлеу үшін бастапқы деректер ретінде қолданылады.

МІЖО бірінші электронды платформасы  енді онлайн режимінде қолжетімді және біз www.nursekz.com. сайтын қарауды ұсынамыз.

МІЖО бірінші электронды платформасы екі бөліктен тұрады:

  1. Қазақстандағы мейіргер ісі жөніндегі жалпы ақпараты бар вебсайт; нақты мәліметтерге негізделген мейіргер ісі; МІ бойынша клиникалық нұсқаулықтар; МІ зерттеулер мен лидерлік.
  2. Moodle бағдарламасының негізінде жасалатын электронды оқу және бірлескен жұмыс ортасы.

«Астана медицина университеті» КеАҚ 2019 жылы сәуір айында өткізілген мастер-класс кезінде жұмыс тобы МІЖО электронды платформасын әрі қарай дамыту бойынша 30-дан аса қатысушысы бар жұмыс тобы жұмыс істеді. Аталған мастер-класс кезінде электронды платформаның мақсаты, бірлескен жұмыс үшін ынтымақтастық, ақпарат алмасу және қашықтықан оқыту үшін оқу орталығы сияқты сұрақтар талқыланды.

Hanze UAS (Нидерланды), LAMK UAS и JAMK UAS (Финляндия) келген халықаралық сарапшылар мейіргер ісі саласындағы халықаралық практика және электронды оқыту бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.  Апта бойы сервисді, оқу материалдарын әзірлеу үшін және ұйымдастыру, қызмет көрсету және МІЖО ендіру және оның тұрақты дамуы бойынша сұрақтары талқыланған бірнеше семинарлар ұйымдастырылды.

Қатысушылар жобаның болашағынан зор үміт күтеді. «Ең бастысы енді бізде мейіргер ісі саласындағы ынтымақтастық үшін электрондық платформа бар. Орталықтың әрі қарай дамуы және таралуына белсенді қатысатын боламын»,  – деді Гүлнұр Надирекова Нұр-Сұлтан қаласындағы «Кардиохирургия Ұлттық зерттеу орталығы» АҚ-тың  мейіргер ісі бойынша бас маманы. «Бұл мейіргерлер ісі мамандары үшін маңызды апта болды, орталықты дамыту бойынша жұмысқа қатысу өте қызықты болды», – деді Қарағанды денсаулық сақтау және фармация мектебі деканының орынбасары Камарова Айсұлу.  «Мейіргерлер, магистранттар, оқытушылар үшін орталықтың материалдары,  мейіргер ісі саласындағы зерттеулер мен нұсқаулықтар өте қызықты болды», – деді Астана медицина университетінің мейіргер ісінің магистранттары Шолпан Батарбекова мен Александра Белятко.

Бөлісіңіз:

Пікір үстеу