Мейіргер ісін жетілдіру орталығы – қажет болған кезде білім алыңыз!

Мейіргер ісін жетілдіру орталығы Қазақстандағы мейіргер ісі үшін үлкен рөл атқарады. Астана медицина университетінде (АМУ) 2019 жылдың қазан айының соңында өткізілген РгоІпСа мастер-классының барлық қатысушылары осы тұжырыммен келіседі, себебі олардың пікірінше, МІЖО және оның электрондық платформасы Мейіргерлерге қажет болған жағдайда ақпарат пен білім береді; пациентке бағдарланған көмек көрсету сапасын жақсартуға көмектесетін науқастарды күту саласындағы заманауи ғылыми-негізделген білімдерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.; бұл мейіргерлерге мансаптық өсуді жетілдіруге және жақсартуға мүмкіндік береді.

Мейірбике ісін жетілдіру орталығының логотипі

Осы мастер-класс кезінде қатысушылар МІЖО электрондық платформасы мен ұйымдық құрылымын одан әрі дамыту бойынша жұмыс істеді. www.nursekz.com электрондық платформасында мейіргер ісі бағыты бойынша мейіргерлер, студенттер және оқытушылар үшін көптеген ақпараттар мен курстар болады. Сайт Қазақстандағы мейіргер ісі туралы ақпараттан тұрады, соның ішінде: мейіргер практикасын реттейтін заңдар мен нормативтік актілер; дәлелді мейіргер практикасы; мейіргер ісі бойынша клиникалық нұсқаулық; мейіргер ісіндегі зерттеу және көшбасшылық. Сонымен қатар, сайттан мейіргер ісі бойынша жаңалықтар, кейбір жалпы ақпарат және алдағы конференциялар мен іс-шаралар күнтізбесін табуға болады. Сайт контенті толықтырылып, барлық ақпарат орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде қолжетімді болады. Веб-дизайнер сайтты одан әрі тартымды жасайды. МІЖО- да Мейіргер ісі оқытушыларына арналған қол жетімді оқыту курстары болашақта қосылатын болады.

2019 ж. қазан айында “мейірбике ісін жетілдіру орталығы” атты мастер-класс клиникалары мен әртүрлі университеттердің қатысушылары

МІЖО желілік ұйым болып табылады. Еліміздің университеттері, колледждері, клиникалары және басқа да денсаулық сақтау ұйымдары электрондық платформа құру және мейіргер ісі қоғамдастықта ақпарат тарату бойынша МІЖО желісі шеңберінде ынтымақтастыққа өз үлесін қосатын болады. МІЖО 5 өңірлік жұмыс тобын ұйымдастырады. Бұл жұмыс топтары мейіргер практикасы бойынша ақпаратты таратуда және жергілікті мейіргерлерді, оқытушыларды, студенттер мен зерттеушілерді МІЖО-мен біріктіруде маңызды рөл атқаратын болады. Электрондық платформаға және жүйелік мониторингке жауап беретін МІЖО-ның бас офисі АМУ-да орналасатын болады.

МІЖО Қазақстандағы мейіргер мамандығының жақсаруына ықпал етеді. Біз сізді www.nursekz.com МІЖО сайтына кіруге және Қазақстандағы мейіргер ісі қызметіне қосылуға шақырамыз. Егер сізде қандай да бір сұрақтар немесе ұсыныстар болса, мына мекен-жайға info@nursekz.com хабарласуларыңызды сұраймыз.

Авторлары:

Erwin de Beer
Bea Dijkman
Аманғали Ақанов
Гүлім Айтмағамбетова

Ғылымдар университеті Хензе, Нидерланды; Медициналық университет Астана, Қазақстан

Бөлісіңіз: