Мейіргер ісіндегі ғылыми серіктестіктің озық тәжірибелері

Авторлары: Хейккила Иоганна, аға кеңесші, JAMK Қолданбалы ғылымдар университеті,
Қуаныш Жұлдыз, қоғаммен байланыс жөніндегі маман, Қарағанды медициналық университеті

Денсаулық сақтау мәселелері бүкіл әлемде әр түрлі және дүниежүзілік ауқымды бола бастайды. Мұны шешуде және пациенттерге күтім жасауда мейірбикелер үлкен рөл атқарады. Денсаулық сақтау саласындағы проблемалардың күрделілігіне және оларды шешудің тәсілдері әрдайым стандарттала бермейтіндігіне байланысты білім беру, ғылыми-зерттеу және тәжірибені байланыстыру қажеттілігі дәлелді деректерді қолдануға ықпал ету қажеттілігі артып келеді.

Дәлелді мейіргерлік іс-тәжірибеге қатысу үшін медициналық университеттердің мейіргер ісі факультеттері мейіргерлік практиканы кеңейту және жақсарту үшін зерттеу процестерімен, сондай-ақ мейіргер ісінің қазіргі тақырыптарымен таныс болуы керек. Сонымен қатар, зерттеу жүргізу кезінде халықаралық серіктестермен бірлесіп жұмыс жасау мейіргер ісі факультеттерінің мейіргерлік зерттеулердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

ProInCa жобасының шеңберінде қазақстандық медициналық университеттер бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруда, ғылыми-зерттеу және оқытушылық тәжірибе алмасудың озық тәжірибелерімен алмасуда шетелдік университеттермен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Осындай бірлескен зерттеулерге қолдау көрсету үшін JAMK Қолданбалы ғылымдар университетінің оқытушыларымен: PhD докторы, аға оқытушы Ханна Хопия және денсаулық сақтау және әлеуметтік зерттеулер мектебінің маманы, PhD Сари Жарвиненмен мейірбикелік зерттеулер бойынша бірқатар вебинарлар өткізілді. Вебинарларда мейіргер ісі және ғылыми әдебиеттерді сатып алу туралы мәліметтер базасы, зерттеу дизайны, мәліметтерді жинау, деректерді талдау, сондай-ақ негізділік, валидтік және сенімділік сияқты тақырыптар талқыланды.

Қатысушылар - зерттеушілер, мейіргер ісінің оқытушылары, сондай-ақ Қазақстандық медициналық жоғары оқу орындарының магистранттары. Вебинарлар барысында қатысушыларға өздерінің қазіргі зерттеулерін талдау және оқытушылардан сындарлы пікірлер алу мүмкіндігі берілді. Сондай-ақ олар CINAHL мәліметтер базасымен ақпаратты іздеу дағдыларын игерді.

Photo taken from one of the webinar series

Мейіргер ісіндегі ғылыми мақалалар зерттеушілерге болашақ оқу материалдарын талдау және өз бетінше жасау үшін берілгенін атап өткен маңызды. Барлығы 94 адам 2020 жылдың көктемінде вебинарларға қатысты.

Сонан соң вебинарға қатысушылардың әрқайсысы мейіргерлік зерттеулер туралы жаңа мәліметтер мен ақпараттардар алған әсерлерімен бөлісті. Кейбір қатысушыларға, әсіресе мейіргер ісінің магистранттарына CINAHL деректер базасымен танысу пайдалы болды, өйткені бұл мәліметтер кейбір Қазақстандағы медициналық университеттерде жоқ. Алынған білім мен материалдар оларға жеке зерттеу жүргізуге көмектеседі. Қатысушылар мейіргерлік зерттеулер туралы мақалаларды талдауда дағды алды, сонымен қатар сапалық және сандық зерттеулер жүргізу әдістері мен құралдары саласындағы білімдерін тереңдетті. Бірқатар вебинарлардың соңында қатысушылар талдау үшін қосымша материалдар сұрады және қосымша вебинарлар өткізуге ниет білдірді. Олар әсіресе сипаттамалық сандық талдау мен мазмұнды талдауға тереңірек қарауды қызықтырды. Бұл вебинарлар сериясы мейіргер ісіндегі зерттеудің маңыздылығын тағы бір мәрте атап өтті.

Осы вебинарлардан басқа, қазақстандық медициналық университеттер мейіргер ісі саласындағы бірлескен ғылыми жобалар бойынша оқыту өтуде, олар мейіргер ісінің қазіргі клиникалық құбылыстарына, яғни инсульттан кейінгі қалпына келтіру, жүрек-қан тамырлар аурулары кезіндегі қамқорлық, паллиативті көмек және 2 типті қант диабеті туралы мейірбикелердің білімі, антикоагулянтты емдеуде мейірбикелердің рөлі. Бұл ғылыми жобалар одан әрі дами түседі және халықаралық ынтымақтастық, мысалы, салыстырмалы зерттеулер түрінде қарастырылады. 2020 жылдың күзінде еуропалық серіктестердің қолдауымен Қазақстандағы медициналық университеттерде медициналық зерттеулерді бірлескен талқылауды күшейту үшін қосымша вебинарлар өткізілмек.

Бөлісіңіз: