Халықаралық конференция: «Институтаралық ынтымақтастықты нығайту арқылы Қазақстандағы мейірбике ісін дамыту»
СИПАТТАМА:
2019ж.23-24 мамыр аралығында Назарбаев университетінің Медицина мектебінде 3
жылдық Еразмус+ «Мейірбике ісін жаңғырту үшін Қазақстанның медициналық
университеттерінің тұрақты инновациялық әлеуетін дамыту» (2018-2020ж)
бағдарламарының негізінде өткізілетін халықаралық «Институтаралық ынтымақтастықты
нығайту арқылы Қазақстандағы мейірбике ісін дамыту» конференциясы өтеді.
Конференцияда мейірбике саласындағы жетекші қазақстандық және шетелдік
сарапшылар, соның ішінде Финляндия, Голландия, Словения және т.б. университеттердің
қатысуымен пленарлық және секциялық мәжілістер өткізу жоспарланып отыр.
Конференцияның мақсаты - Қазақстандағы мейірбикелік мәселелерді талқылау
үшін (мәртебесі мен перспективалары) білім беру, ғылым және тәжірибеден мүдделі
тараптардың кең ауқымы үшін алаң құру. Конференцияға Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының, жергілікті
денсаулық сақтау органдарының өкілдері, медицина колледждері мен жоғары оқу
орындарының оқытушылары, мейірбике тәжірибелі медицина қызметкерлері, медбике
ісінің ұлттық және аймақтық кәсіби қауымдастық мамандарының өкілдері және т.б.
қатысады.
Конференцияда келесі тақырыптар талқыланады:
Мейірбике саласындағы көшбасшылық (көшбасшыларды оқыту, дәрігер және
мейірбике): өкілеттіктер мен міндеттердің бөлінуі, салауатты өмір салтын насихаттаудағы
медбикелердің рөлі, медбикелердің құзыреттілігін бағалау: бағалау тетігін қалай дамыту
керектігін, мейірбикелердің мәртебесін көтеру, мейірбикелік көшбасшылардың бірлестігі)
Дәлелді мейірбикелік тәжірибе (клиникалық мейірбикелік нұсқаулықтарды әзірлеу
және енгізу, медицина колледждерінің, университеттердің және практикалық денсаулық
сақтауға дәлелді мейірбике ісін енгізу, ынтымақтастықта СӨП үшін дәлелдемелік база
және т.б.)
Мейірбике саласындағы зерттеулер (мейірбикедегі зерттеулер әдіснамасы, зерттеу
нәтижелерінің дәлелдемелер деңгейін бағалау, мейірбикедегі сапалы зерттеулер,
мейірбикедегі зерттеулерді ұйымдастыру және т.б.).
Білім, ғылым және практиканы интеграциялау жолымен мейірбике ісін
жаңғырту.
Шақырылған спикерлер:
Йоханна Хейккила, JAMK қолданбалы ғылымдар университеті, Финляндия. PhD,
зерттеуші/ мейірбике ісі саласындағы оқытушы.
Сари Ярвинен, JAMK қолданбалы ғылымдар университеті, Финляндия. PhD,
зерттеуші/ мейірбике ісі саласындағы оқытушы.
Эвелине Кивинен, ғылым Магистрі, RN, LAMK Аға оқытушы, Финляндия.
Яри Хаутамяки, JAMK қолданбалы ғылымдар университеті, Финляндия. Ph.L.
(лиценциат), зерттеуші / ақпараттық технология саласындағы оқытушы.
Катя Песяк, Анжелы Бошкен атындағы денсаулықсақтау факультеті, Словения. Зерттеуші/ қоғамдық денсаулықсақтау және социология саласындағы оқытушы.
Ханнеле Титтанен, LAMK LicNSc қолданбалы ғылымдар университеті, MSc (Ed),
RN.
Волтер Паанс, Ханзе қолданбалы ғылымдар университеті, Нидерланды. Ph.D.
мейірбике ісі саласында
Хайе Юкема, Ханзе қолданбалы ғылымдар университеті, Нидерланды. зерттеуші/
мейірбике ісі саласындағы оқытушы.
Бс., Жм. 23 – 24 Мамыр, 2019г. сағ 9:00
Нұр – Сұлтан қ., Назарбаев Университетінің Медицина Мектебі