3 жылдық (2018-2020 жж.) Еразмус+ "Мейірбике ісінде жоғары білім берудің инновациялық әлеуетіне жәрдемдесу" жобасын (бұдан әрі-жоба) іске асыру шеңберінде өткізілетін " Мейірбикелер біліміндегі, зерттеулердегі, көшбасшылықтағы және клиникалық тәжірбиедегі инновациялар" халықаралық конференциясына шақырамыз.
Конференция жұмысында мейірбикелік ісі саласындағы Қазақстандық және шетелдік сарапшылардың, соның ішінде Финляндия, Голландия, Словения және т. б. жетекші университеттердің қатысуымен пленарлық және секциялық отырыстар жоспарланған. ҚР Денсаулық сақтау, білім және ғылым министрліктерінің, денсаулық сақтаудың өңірлік басқармаларының, медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің, практикалық денсаулық сақтаудың, кәсіби қауымдастықтардың және т. б. өкілдері қатысады.
Конференцияда жобаның негізгі нәтижелері баяндалып, сондай-ақ Қазақстандағы мейірбике ісі саласындағы өзекті мәселелер талқыланатын болады.
- Мейірбике ісіндегі көшбасшылық (көшбасшыларды оқыту, мейірбике мәртебесін арттыру, мейірбике ісі көшбасшыларының қауымдастығы және т. б.).
- Дәлелді мейірбикелік тәжірбиесі (клиникалық мейірбикелік басқаруларды әзірлеу және енгізу мәселелері, мейірбике ісіндегі операциялық рәсімдердің стандарттары үшін дәлелдемелер базасы және т. б.).
- Мейірбике ісіндегі зерттеулер (мейірбике ісіндегі зерттеулерді алға жылжыту, мейірбике ісінде зерттеулерді жүргізуге мейіргерлерді ынталандыру және т.б.).
Білім беру ұйымдары мен клиникалар арасында, сондай-ақ мейірбике ісінде халықаралық академиялық қоғамдастықпен ынтымақтастықты нығайту (Қазақстанның ұлттық мейірбикелер қауымдастығын нығайту және ICN халықаралық қауымдастығына кіру мәселелері, ҚР мен шетелдік орталықтарда бірлескен зерттеу жобаларын жүргізу мәселелері және т. б.).
Өткізу орны: ZOOM платформасы, сілтеме өткізілетін күнге жуығырақ жіберіледі.
Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру ақысы алынбайды.
Байланыс телефондары: 8(7172) 692565, 8(7172) 692557.
Қатысуды ағымдағы жылғы 30 қарашадан кешіктірмей келесі электрондық мекенжайға растау қажет: Alma.Syzdykova@umc.org.kz нысанға сәйкес: