ProInCa-дағы мейірбикелік көшбасшылықты дамытуға көмек

Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесі мен мейірбике ісіндегі модернизациялауда
жаңартылған көшбасшылық шешуші рөл атқарады. ProInCa жобасы Қазақстандағы
медициналық мекемелер мен медициналық ЖОО-дардың мейірбике ісіндегі
көшбасшылық әлеуетті дамытуға бағытталған.

2018 жылдың көктемінде ProInCa жобасының 2.4 «Мейірбике ісіндегі көшбасшылық»
Жұмыс пакетіне сәйкес, Қазақстандағы денсаулық сақтау мекемелеріндегі мейірбике
ісі жетекшілерінің құзыреттілігі бойынша зерттеу жүргізілді, оған 256 респондент
қатысты.

Зерттеу халықаралық зерттеулер нәтижелері мен мейірбике ісіндегі көшбасшылықтың
түрлі модельдеріне негізделді. Зерттеу нәтижелері бойынша «Мейірбике ісі
көшбасшылығын модернизациялау» тақырыбында екі қарқынды семинар
ұйымдастырылды.Бірінші семинар барысында ЕО және Қазақстан университеттері
денсаулық сақтау мекемелерінің мейірбике ісі жетекшілері бірлесе отырып
көшбасшылық бойынша оқыту материалдарын жасады.

Мәліметтер 2019 жылдың ақпан айының соңында өткізілген ІІ семинарда Астанада
сынақтан өтті. Семинарда барлығы 70 қатысушы (49 – мейірбике ісі жетекшілері, 18
–жоғары медициналық колледждер мен медициналық жоғары оқу орындары
оқытушылары) болды. Қатысушылардың пікірінше, пилоттық оқу материалдары
қызықты және пайдалы болды, әсіресе топтық жұмыс және оған негізделген оқу-
әдістемелік материалдар. Апта тұтастай алғанда жақсы оқу және топтық жұмыс
тәжірибесі болды.
Денсаулық сақтау жүйесін модернизациялау барысында медбикелер үшін де
туындайтын мәселелер болуына байланысты, көшбасшы – мейірбикелер
қауымдастығын құру қажеттілігі талқылануда. Қатысушылар мейірбике ісі
көшбасшыларына қолдау көрсету мақсатында Ассоциацияны құруды бастау туралы
шешім қабылдады.

Ассоциация көшбасшы-мейіргерлерге көшбасшылар қауымдастығын қалыптастыруға
мүмкіндік беретін форуммен қамтамасыз етеді; ал бұл қауымдастық өз кезегінде
көшбасшылардың өзара қарым-қатынаста болуына, өз идеяларымен бөлісіп және пікір
алмаса отырып қауымдастық мүшелерінің мүдделерін кең мағынада қолдауына
мүмкіндік алады.Көшбасшы-мейіргерлер Ассоциациялары халықаралық деңгейде ұзақ
тарихқа ие. Мысалы, американдық мейірбикелік жетекшілер ұйымы (AONE
http://www.aone.org) мейірбикелік практиканы жақсарту және пациенттерге күтім
көрсетуді жетілдіру, мейірбикелік көшбасшылықты жетілдіруге ықпал ету және
қоғамдық денсаулық сақтау саясатын қалыптастыру мақсатында көшбасшылық, кәсіби
даму, насихаттау мен зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етті. Сонымен қатар, бүкіл
Еуропада желіні дамыту үшін Европалық Мейірбике Директорлары Ассоциациясы
(ENDA http://www.enda-europe.com/en) құрылды.
ІІ қарқынды семинардың басты қорытындысы мейірбикелер жетекшілері, жоғары
медициналық колледждер мен жоғары оқу орындары, мейірбике көшбасшылары менәртүрлі денсаулық сақтау ұйымдары арасындағы жақсы ынтымақтастық мейірбикелік
көшбасшылық әлеуетін дамытуға және денсаулық сақтауды модернизациялауға ықпал
бола алады.

Бөлісіңіз:

Пікір үстеу