«Мейірбикелік іс» мамандығын таңдаған тағдырыма ризамын

Мен Әсемгүлмін! Мен Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің  магистрантымын.

«Мейірбикелік іс» мамандығын таңдаған тағдырыма ризамын. «Мейірбикелік іс» мамандығы бойынша академиялық бакалавриатты  бітіріп, қазір магистратурада оқып жатырмын және алдағы уақытта докторантураға түсуді жоспарлап мейірбикелік ғылымдары докторы дәрежесін алмақшымын. Мен тіпті мамандығым болашағын елестете алмап едім. Себебі Қазақстанда әлі күнге дейін медициналық мейірбике мамандығы туралы қосымша мамандық деген қалыптасқан пікір орын алуда. Ал бұл мамандық айтарлықтай маңыздылардың бірі ғой. Бірақ бүгін маңызды өзгерістер басталуда. Денсаулық сақтау ісінің «Мейірбикелік іс» деп аталатын бөлігін  реформалау қажеттігі Қазақстанда пісіп жетілген мәселе. Соңғы үш жылдағы халықаралық бағдарламалар, жобалар, білім беру саласындағы, ғылымдағы және мейірбикелік практикада өзгерістер осыны көрсетеді.

Магистратурада оқу барысында мен дәлелді мейірбикелік істің алдыңғы қатарлы практикасы мен мейірбикелік зерттеулер туралы көптеген қызықты нәрселерді білдім. Менің зерттеу тақырыбым медициналық мейірбикелердің мейрбикелік үдерістің әртүрлі сатысында антикоагулянтты терапияға қатысуға арналған. Зерттеуді түсінуге ProInCa жобасы бойынша өткізілген оқыту семинарлары мен мастар-класстарға қатысу маған көп нәрсе берді. Жобаның өзі мейірбикелік іс аясында жоғары білім қағидаларын бекітті және ол тек қана білім беруді дамытуға ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар мейірбикелік істі Қазақстанда реформалауға көмектеседі. Жобаның өзі маған және менің мамандығым үшін көптеген мүмкіндіктерге жол ашты. Нәтижесінде мен «Мейірбикелік іс» мамандығы бойынша магистратураға түстім.

ProInCa жобасы менің ойымша мейірбикелік істі дамыту үшін көптеген үлкен басқа жобалар бастамасы ғана. Өкінішке орай қортынды конференцияға, мастер-класстарға, семинарлар жұмысына және жоба аясындағы стажировкаға қатысам деушілер толық қатыса алмады. Олар медициналық мейірбикелерге тек қана клиникалық практикада емес сонымен қатар педагогикалық және зерттеу жұмыстарында өзіне өзін көрсету үшін үлкен мүмкіндіктер беретін еді. Қортынды конференцияның ұйымдастырылуы жоғары дәрежеде болғанын, іс кәсіби тұрғыдан қаралғанын, өте қызықты және толыққанды бағдарлама болғанын атап өткім келеді. Біздің елімізде осындай өзгерістер мейірбикелік істе болып жатқанына қуаныштымын.

 

 

 

Бөлісіңіз: