“Мейірбикелер біліміндегі, зерттеулердегі, көшбасшылықтағы және клиникалық тәжірбиедегі инновациялар” халықаралық он-лайн конференциясы

 

Халықаралық он-лайн конференция

2020 жылғы 10-11 желтоқсанда «Мейіргерлік іс саласында жоғары білімнің инновациялық әлеуетін ілгерілету» 3-жылдық (2018 ж. – 2021 жылғы қаңтар) жобасын іске асыру шеңберінде өткізілетін «Мейіргерлік іс тегі, зерттеу, көшбасшылық және клиникалық практикадағы инновациялар» атты халықаралық онлайн-конференция өтеді.

Өткізу орны: ZOOM платформасы, сілтеме өткізілетін күнге жақын жіберіледі.

Конференция жұмысында мейірбикелік ісі саласындағы Қазақстандық және шетелдік сарапшылардың, соның ішінде Финляндия, Голландия, Словения және т. б. жетекші университеттердің қатысуымен пленарлық және секциялық отырыстар жоспарланған. Мейірбикелік ісі бойынша Медициналық колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары, тәжірбиелік денсаулық сақтау және кәсіби қауымдастықтардың өкілдері және т. б. осы іс шараға қатысады. ҚР Денсаулық сақтау, білім және ғылым министрліктерінің, денсаулық сақтаудың өңірлік басқармаларының, медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің, практикалық денсаулық сақтаудың, кәсіби қауымдастықтардың және т. б. өкілдері қатысады.

Конференцияда жобаның негізгі нәтижелері баяндалып, сондай-ақ Қазақстандағы мейірбике ісі саласындағы өзекті мәселелер, оның ішінде дәлелді мейірбикелік тәжірбиелік, көшбасшылық, зерттеулер және т. б. талқыланатын болады.

Бөлісіңіз: