Медбикелер – денсаулық сақтау мен жоғарғы білім беру мекемелерінің бірлесіп қызмет атқарудың көшбасшылары-лидерлері.
Авторы: Hannele Tiittanen
LAB қолданбалы ғылымдар Университеті (Лахти, Финляндия)
Бас және аға медбикелер әрі мейірбикелерді, әрі медицина мекемелерінде мейірбикелік функцияларын дамытуда басты рөл атқарады.Негізгі мақсат халық денсаулығын және медициналық көмектің сапасын жақсарту. Құзырлы мейірбикелер көрсетілетін медициналық көмек сапасын кепілді деңгейге жеткізуде басты орын алады. Бірақ үздіксіз ғылыми негізде даму үшін мейірбикелік іс аясын әліде зерттеу қажет. Американдық мейірбикелік көшбасшылық мекемесі (AONL 2015) деректері бойынша, медбикелер-көшбасшылар құзырлылығы аясына жататындар, мысалы, нәтижелердің дәлелді деректерге негізделген (evidence-based) практикасы/бағалары және зерттеулер, сол сияқты академиялық қарым-қатынас. Аймақтағы жоғары білім беру мекемелерімен академиялық партнерлікті қалыптастыру және денсаулық сақтау мекемелерінде мейірбикелік істі дамыту мақсатында ұзақ мерзімді бағдарламаларды құрастыру әрі партнерлерге, әрі аймақ халқына қызмет етеді. ProInCa жобасы ҚР-да (CNE) (https://nursekz.com/) мейірбикелік істі жетілдіру Орталығы платформасын іске қосты. Бұл бағдарлама мейірбикелік істі жетілдірудің, байланыстар орнатудың және бас, аға медбикелермен мейірбикелік істі жақсартуда бірлесіп жұмыс жасау үшін ең тиімді орын. ЦССД/CNE платформасындағы белсенділік медбикелер-көшбасшыларға мейірбикелік күтім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. ЦССД/CNE теорияға негізделген және практикада күтім ғылымын дамуына ықпал етеді. ЦССД/CNE мейірбикелік практикамен, мейірбикелік білім беру және ғылыми зерттеулерге онлайн-платформасы ретінде қызмет етеді. ЦССД/CNE пациенттердің күтімі жөнінде дәлелдерге негізделген клиникалық жетекшілік туралы ақпараттарды; медбикелерге арналған оқу материалдарын; медбикелер зерттеулерін және соңғы жаңалықтарды белсенді түрде жинайды, таратады және оларға қолдау көрсетеді. ЦССД/CNE бағдарламасы негізі «білім үшбұрышы» деп аталады. Оған зерттеулер, білім беру және инновациялар біріктірілген. Үшбұрыштың барлық құрамы өзара байланысты, жаңа білім беруге ықпал етеді.
Бас және аға медбикелердің көшбасшылық функциясын өздеріне алуын, аймақтық білім беру департаменттерімен қызметтес болуын, қызмет аясын кеңітуін, сол сияқты академиялық қауымдастықпен диалогты бастауын және бірлесіп қызмет атқаруын қолдау қажет. Ұзақ мерзімді қызметті қолдау және аймақтық медициналық көмек көрсетудің даму стратегиясын қалыптастыру ортақ мақсат болуы тиіс және халық денсаулығын қамтамасыз етуде мейірбикелік күтім аясында жаңа және радикальды инновацияларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бірлесіп қызмет атқарудың алғашқы қадамына басты мамандарды жергілікті медицина университеттеріне шақырып, кездесулер өткізіп, қызметтестікті және мейірбикелік зерттеулерді талқылау жатады.