Коммуникация – Тыңдау өнері

Автор:

Ханнеле Тийттанен, LicNSc, MSc, RN
LAB қолданбалы ғылымдар Университеті, Лахти, Финляндия

 

yu

Барлық мекемелер адамдардан тұрады. Машиналарды басқару жеңіл. Барлық машиналар келген хабарды бірдей (біртекті) қабылдайды. Ал адамдарды басқарғанда нөмірі бірінші мәселе – ол қарым-қатынас/коммуникация немесе/оның болмауы. Тек сирек жағдайда болмаса, жалпы қарым-қатынас әлсірейді не жойылады. Ақпаратты алған адам ақпаратты жіберген адам ойлағандай емес өзгеше түсінеді. Қарым-қатынас – ол тек әңгімелесу емес, ол сонымен қатар тыңдай білу. Роуз О. Шерман өзінің танымал EmergingRNLeader (https://www.emergingrnleader.com/listening-a-leadership-superpower) жеке блогінде тыңдаушы даналығын табысқа жету жолындағы көшбасшылықтың мықты күші деп жазды. Бірақ коммуникативті дағдыларды дамытуда біздер қалай тыңдау қажет екеніне арнайы көңіл бөлмейміз. Тыңдаудың жақсы дағдалары, мысалы, көшбасшылыққа оқытқанда қажет: мерзімнің 80%-ға жуығын тыңдауға арнау және тек  20%-да ғана адамдарды оқытқанда өзің сөйлеуің керек. Табысты жетекші ретінде медбике адамдар не айтатынын тыңдайды. Жұмыс орынында көшбасшының тек араласуын және кеңестері мен бұйрықтарын алып қана қоймай адамдардың көпшілігі өз ойларын білдіргісі келеді және олардың естілгенін қалайды. Белсенді тыңдау сұрақтарды дұрыс қоюдан және сізге не қызық екенін, сіздің қызметкерлеріңіз не айтқысы келетінін және сізге не ұнайтынын білдіруден басталады.

Белсенді тыңдаудың негізгі тұжырымдамасы – ол  не естігеніңізді қайталау және әңгімелесушінің айтқанын дұрыс естігеніңізге және түсінгеніңізге көз жеткізу. Одан басқа талқыланып жатқан мәселеге өз қызығушылығыңды көрсету үшін жақсы көзбе-көз  байланыс қажет. Егер сіз осыған қол жеткізсеңіз, онда қызметкерлеріңіз сіздің бағалайтыныңызды, силайтыныңызды сезеді, жақсылықтан үміттенеді және өз жұмыстарын бұрынғыдан да толыққанды атқарады. Егер біз тыңдау ырымын ғана жасасақ, онда ол тез білінетінін, түңілтетінін және силастықтың жойылатынын еске ұстау қажет. Тыңдау – тек өзінен өзі қалыптасатын дағды емес, оған үйренуге болады.  Өзіңізден өзіңіз  мен неге сөйлемін деп сұраңыз. Тыңдай отырып, әрдайым сіздің мекемеңіз қызметкерлерінен не өз қызметкерлеріңізден не басқалардан жаңалық есіту мүмкіндігі бар. Сенім, шынайылық және ашықтық мәдениет қалыптастырудың алғы шарты. Осындай жағдайда көшбасшыға сенім көрсетіледі және ашық мәдениет пен қарым-қатынас бола алады. Тыңдау – ол лауазымдық сипаттамада көрсетілмейтін дағды, бірақ өз қызметкерлерін тыңдайтын жетекшілер денсаулық сақтау ісіндегі өзгерістерді жақсы басқару мүмкіндігі бар. Тыңдай алатын көшбасшылардың жанашырлығы жоғарылау.    

Бөлісіңіз: