Ілгері жылжу

Авторы
Нэнси Л. Ститт
Назарбаев Университет; Медицина мектебі

«Қазір бұл әлі соңы емес. Бұл тіпті соңының басы емес. Бірақ, бұл, бәлкім, басының соңы». Уинстон Черчилль, қараша 1942 ж.
Уинстон Черчилльдің бұл цитатасы менің кәсіби өмірімде жиі қолданған ең сүйікті цитаталарының бірі болып табылады. Біз жаңа 2020 жылды және жаңа онжылдықты бастап жатырмыз. Кезекті жаңа жылды қарсы ала отырып, біз өткен жылға жиі қараймыз, сонымен қатар күштірек болу немесе көбірек жасау секілді батылдықпен алға жүріп, келе жатқан жылға жеке және кәсіби мақсаттарды белгілейміз.

ProInCa өзінің үшінші және соңғы жылына аяқ басқандықтан, біз үшін бұл цитата зор маңызға ие. Осы соңғы үшінші жыл – бұл соңы емес... және біз осы соңғы жылдың «соңының басына емес» жылжып жатырмыз. Бұның мәні неде, бұл басының соңы... біз 2017 жылы желтоқсанда бастаған істеріміз.

«Басының соңы» дегеніміз нені білдіреді? 2 жыл бұрын – екі қысқа жыл бұрын біз логотип әзірлеп, әзірлеудің бастапқы кезеңіне өтіп, ProInCa жобасының басым бағыттарын жүзеге асыруға кірістік. ProInCa осы үшінші жылмен ғана аяқталмайды, біз жобаның аяқталу күніне жақындап келе жатырмыз. Енді біз ең маңызды ақырғы кезеңі – тұрақтылықты қамтамасыз ету кезеңіне ілгерілеу тиіспіз.
ProInCa аса маңызды тұрақты нәтижелерінің бірі Мейіргерлердің біліктілігін арттыру орталығы болып табылады (CNE). Біз бұл істі басымдық етуіміз керек: осы электрондық платформаны нығайтып, алға жылжыту керекпіз. Erasmus +жобасының қажетті құжаттарын рәсімдеу мен қаржыландыруды аяқтаудан тұратын ақырғы кезеңіне өту мерзіміне қарай CNE - ProInCa ең маңызды мұрасы, ProInCa аяқталған соң қызмет ететін орталық атануы керек.

CNE тұрақтылығына қол жеткізуге әкелетін тағы бір әдіс – бұл біздің өтініміміз және жоғары білім беруде Erasmus + келесі жобасы Capacity Building қаржыландыруына қол жеткізуге ұмтылу. Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінде мейіргерлерге арналған жеделдетілген магистрлік және PhD докторлық білім беру бағдарламаларын әзірлеу. Бұл жоба CNE тұрақтылығын қамтамасыз етуге қабілетті Қазақстандағы магистратура мен докторантурадаға мейіргерлерге білім беруді модернизациялауға – жеделдетуге – алға жылжытуға мүмкіндік береді.

Бұл жыл ұлттық және халықаралық деңгейде ғана ProInCa үшін өршіл жыл емес, сондай-ақ, ғаламдық деңгейде мейіргерлік ісі үшін маңызды жыл болып саналады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) 2020 жылды «Мейіргер мен акушердің халықаралық жылы» деп жариялады (WHO, 2019). 2020 жылды жариялау себебі - заманауи мейіргерлік істің негізін қалаушы Флоренс Найтингейлдің туған күнінен 200 жылдық мерейтойымен тұспа тұс келуімен байланысты. Мейіргер мен акушердің халықаралық жылы Қазақстан халқының денсаулығын сақтау бойынша бастамаларға қатысу үшін Казақстандағы мейіргерлердің рөлін арттыру мен біздің өткенімізді ұғынуға мүмкіндік береді. Толық мәлімет алу үшін ДСҰ сайтына кіруіңізді сұраймыз: https://www.who.int/campaigns/year-of-the-nurse-and-the-midwife-2020

«Бастаманың соңы» сәтті болуы үшін әлі көп еңбек етуіміз керек! ProInCa жұмылып атқарған жұмыс болды және соңғы 2 жылда орындалған жұмыс үшін барлықтарыңызға алғыс айтамыз. Алға жылжуды жалғастырып, сәттіліктің шынайы белгісі болатын ProInCa-ға жұмылып қосқан бар жұмысымыз жобаны тұрақты дамуға жылжытуын жалғастырайық.

Сілтеме:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (30 қаңта, 2019 ж.). Атқарушы кеңес 2020 жылды «Мейіргер мен акушер жылы» етіп анықтады.
https://www.who.int/news-room/detail/30-01-2019-executive-board-designates-2020-as-the-year-of-the-nurse-and-midwife- сайтынан алынды.

Бөлісіңіз: