«Дәлелге негізделген мейірбике ісі – озық тәжірибені енгізу» халықаралық семинар туралы
Авторы:
Лаура Касым
Семей медицина университетi
Қиындықтардан өту - мүмкіндіктерді жеңіп алу
Уинстон Черчилль
Қаңтардың қарлы күндерінің бірі. Альмира Ахметованың кеңсесінде жаңа қайнатылған кофе иісі мүңкіген. Бұл хош иіс әрқашан біздің жұмыс жиналыстармыз және жоспарларымызды талқылау барысында, біздің көптеген ойларды ортаға салып, алға қойылған міндеттерге - дәлелді мейірбикелік іс-тәжірибе бойынша мастер классқа дайындық жұмысын қолға алуда бізге рух беруші болатын. Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің қабырғасында іс-шара өткізу туралы әкімшілікпен келісу, еуропалық серіктестермен мастер-класс тұжырымдамасын талқылау, бағдарлама құру, спикерлермен презентация тақырыптарын талқылау, қатысушыларға шақыру жіберу, тамақтану қызметін мақұлдау және кофе-брейк мәзірін ойластыр сияқты үлкенді кішілі тапсырмалар... Ол кезде «Қытайдың бір жеріндегі жергілікті инфекция» біздің арайлы жоспарларымызға қатаң түзетулер енгізеді деп күтпедік ...
Ухань қаласында бірнеше апта ішінде пандемияға айналған COVID-19-нің аймақтық ауруы адам өмірінің барлық салалары үшін сынақ болды. Короновирустық инфекция денсаулық сақтау жүйесінің де, әлемдік экономиканың да күшін сынап көрді – басқа басқа - өзін-өзі оқшаулаудың әмбебап шаралары аясындағы қарапайым адами қарым-қатынастар өздерінің нәзіктігін көрсетті. Бірақ біздің жұмыс пакеті қатысушылары ертеден қамданып қашық режимде мастер класс ұйымдастыруды және өткізуге тез өзгертті. Мастер класс алдында қобалжыдық деп айтсақ жалған болмас! Біздің студенттермен Zoom немесе Skype қолдану тәжірибеміз болса да, сәуір айындағы мастер-класста жүзден астам тәжірибелі медбикелер, колледждер мен университеттердің оқытушылары, магистранттар мен бакалаврлар, Қазақстан мен Еуропаның білім беру және медициналық мекемелер әкімшілігінің қызметкерлері қатысады деп ойламадық.
Алайда үш күндік қарқынды жұмыс барлық толқулар мен алаңдаушылықтардың бекер екенін көрсетті. Мастер-класстың 160-тан астам тыңдаушысы, 21 баяндама, 20 сағатқа жуық дәрістер, топтық тапсырмалар, қызу пікірталастар, пікір алмасулар бізге дәлелдерге негізделген мейірбикелік тәжірибенің негізгі тұжырымдамалары бойынша біліміміз бен дағдыларымызды жетілдіруге, дәлелді тәжірибені елімізде және шетелде сәтті енгізу әдісі туралы білімімізді толықтыруға мүмкіндік берді. Қазақстандық және еуропалық тараптардың үйлестірілген жұмысы, орыс және ағылшын тілдеріне аударма жұмысы, топтық сессияларды ұйымдастыру, үздіксіз техникалық қолдау сәттіліктің кілті болып табылады.
2.2-жұмыс пакетінің қатысушылары, спикерлерге және презентациялар үшін және мастер-класстың барлық қатысушыларына ұсынылған материалдарға деген шынайы қызығушылықтар үшін алғыс білдіреді. Назарбаев Университетінің Медицина Мектебіне Zoom аккаунтын үлкен аудиторияға қосылуға және сессияны видео ретінже өткізуге мүмкіндік бергені үшін ерекше алғыс айтамыз. Уақытша қиындықтар үлкен мүмкіндіктерге айналды: мастер-кластағы барлық қатысушылардың үйлесімді жұмысы бізге Қазақстандағы мейірбике ісін дамытудағы бірлескен мәселелерді шешуде ұйымдасқан топ, мейірімді, тіпті біраз техникалық машықты болуға мүмкіндік берді!