Қарар
ProInCa жобасының қорытынды халықралаық конференциясы «Қазақстандағы медбикелік білім берудегі, ғылыми зерттеулердегі, көшбасшылық және клиникалық тәжірибедегі инновациялар»
2020 жылдың 10-11 желтоқсанында ұйымдастырылған «Қазақстандағы мейірбикелік білім берудегі, ғылыми зерттеулердегі, көшбасшылық және клиникалық тәжірибедегі инновациялар» қорытынды халықаралық конференциясы өтті және ол Эразмус + қаржыландырған 3 жылдық ProInCa жобасы- «Медицина саласындағы реформа үшін мейірбике ісіндегі жоғары білімнің инновациялық әлеуетін ілгерілету» аясында өтті.
Конференцияға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктерінің, Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығының, аймақтық денсаулық сақтау ұйымдарының, университеттік клиникалардың, мейірбикелердің ұлттық және аймақтық ассоциацияларының, медициналық университеттердің, жоғары медициналық білім беру орталықтарының, медициналық колледждердің, тәжірибелі медбикелер мен студенттердің, сонымен қатар халықаралық Финляндия, Нидерланды және Словения өкілдері конференцияға қатысты. Қатысушыларға 3 жылдық жобаның негізгі нәтижелері ұсынылды. Сонымен қатар, алынған нәтижелердің тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері және Қазақстандағы мейірбике ісін дамытудың басқа да өзекті мәселелері талқыланды.
Конференцияда қатысушыларға сәлемдесумен шыққан:
Массимо Пигнателли мырза, Медицина бойыншак Назарбаев Университетінің вице-президенті, Медицина мектебінің деканы; Финляндияның Қазақстандағы елшісі Сойли Мякеляйнен-Буханист ханым; Тасболатова Шайзада, Эразмус + бағдарламасының Қазақстандағы ұлттық кеңсесінің директоры; Мендалиева Рауза, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің бас менеджері.
Жалпы отырыста негізгі баяндамалар ұсынылды:
- «Қазақстандағы мейірбике ісінің жағдайы және болашағы» (Таңатарова Гүлназ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және кадрлар департаментінің директоры);
- «ProInCa жобасының нәтижелері мен келтірілген әсері» (Йоханна Хейкила, ProInCa жобаларының үйлестірушісі, JAMK Қолданбалы ғылым университеті, Финляндия);
- «Мейірбике ісін дамытудағы ынтымақтастық пен байланыс орнатудың маңызы» (Аннет Кеннеди, Халықаралық мейірбикелер қауымдастығының президенті (ICN), АҚШ).
Конференция аясында интерактивті және инновациялық форматта панельдік сессиялар, дөңгелек үстел, оқу кафесі және электронды плакаттар бөлімі ұйымдастырылды.
Талқылаудың негізгі тақырыптары:
- «Мейірбикелік істі жетлілдіру орталығы - ұлттық және халықаралық академиялық мейірбикелік қауымдастық пен қоғам арасындағы ынтымақтастық пен білім алмасу құралы»;
- «мейірбике ісі саласындағы білім, ғылым, практика және халықаралық академиялық қоғамдастық арасындағы ынтымақтастықты нығайту»;
- «Қазақстандағы мейірбике ісі саласындағы зерттеулердің болжамдары - ProInCa жобасы аяқталды, ал алда не күтілкде?»
- «Қазақстандағы мейірбикелік көшбасшылықты модернизациялау: болашақ қандай болмақ?»
Талқылау нәтижелері бойынша Конференция қатысушылары келесі қорытындылар жасады:
1. ProInCa жобасы Қазақстанда мейірбикелік іс бойынша халықаралық озық тәжірибелерді енгізуге үлес қосты. Сонымен, ProInCa-ның негізгі нәтижелері:
- онлайн-платформа (www.nursekz.com) және медициналық университеттерге («Астана медициналық университеті» КЕАҚ, «Қарағанды медициналық университеті» КЕАҚ, «Семей медициналық университеті» КЕАҚ, «М.Оспанов атындағы ЗКМУ» КЕАҚ, Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы, Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті). негізделген аймақтық кеңселер көмегімен мейірбике ісін жетілдіру орталығы құрылды.
- білім беру, ғылым және мейірбикел ісі мен тәжірибесі бойынша ұлттық сарапшылар мен жаттықтырушылар қатары дайындалды.
- магистратура деңгейінде, қолданбалы және академиялық бакалавриат деңгейлерінде мейірбике ісі бойынша дәлелді практика, көшбасшылық, мейірбике ісіндегі зерттеулер бойынша білім беру бағдарламалары мен модульдері жасалды.
2. Мейірбике ісін жетілдіру орталығының аймақтық бөлімшелері қызметінің негізгі бағыттары анықталды:
- мейірбике ісіндегі жергілікті мүдделі тараптар арасындағы аймақтық байланыс функциялары;
- ақпарат алмасу, ынтымақтастық және оқыту бойынша іс-шаралар (дөңгелек үстелдер, семинарлар) ұйымдастыру;
- мейірбикелік материалдарды жинау (www.nursekz.com платформасында), ілгерілету және тарату;
- мейірбикелік білім беру, зерттеу және тәжірибеге қатысты ақпараттарды тарату;
- мейірбикелерге арналған клиникалық нұсқаулар мен құралдарды тарату;
- мейірбикелерді кәсіби салаларында қосылуды қолдау.
3. Мейірбике ісіндегі кейбір зерттеулер салаларында жетістіктер байқалды: бірқатар магистрлік диссертациялар жүргізілуде, университеттердің бакалавриат студенттері зерттеулер жүргізуде және муүдлделі тараптармен бірігіп клиникалық зерттеулер жүргізуде. Сапалы әдістерді қолдана отырып зерттеулерді жүргізу кең етек алды.
Сонымен қатар, зерттеу инфрақұрылым қиыншылықтары, мейірбикелік іс бойынша зерттеулерді алға жылжыту бойынша университеттер мен клиникалардың, колледждердің өзара әрекеттестігінің әлсіздігі әліде өзекті. Бұл проблемалар өз кезегінде Қазақстандағы мейірбикелік ғылымның дамуына кедергі болып табылады деп айтуға болады.
4. ProInCa жобасы барсысында мейірбикелік көшбасшылық модернизациясы алға қадам жасады, алайда бұл қадамдар кішкентай болды. Мейірбикелік құзыреттіліктің маңыздылығы туралы хабардарлық жоғарылағанымен, денсаулық сақтау ұйымдарындағы орталықтар мейірбикелік көшбасшылықтың позициясы мен рөлін күшейтуі керек. Мейірбике-жетекшілер денсаулық сақтау саласында өзгерістер менеджерлері болу және сапалы мейірбикелік көмек көрсетуді дамыту арқылы шешуші рөл атқарады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Конференцияға қатысушылар келесі шараларды ұсынады:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігің атына өтініш жазу:
- медициналық университеттер базасында («Астана медицина университеті» КЕАҚ, «Қарағанды медициналық университеті» КЕАҚ, «Семей медициналық университеті» КЕАҚ, М. .Оспанова », Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы, Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті) құрылған мейірбикелік істі жетілдіру орталығы мен оның аймақтық кеңселерінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қолдау көрсету туралы.
2. Медициналық білім беру ұйымдарына ұсыныс беру:
- ProInCa жобасы шеңберінде алынған медбикелердің дәлелді мейірбике, зерттеу және көшбасшылық саласындағы (білім берудің барлық деңгейлеріндегі) құзыреттіліктерін дамыту бойынша алынған әдістемелік ұсыныстар мен оқу материалдарын белсенді түрде іске асыру.
Мейірбике ісіндегі зерттеулерді жетілдіру үшін:
3. Білім және ғылым, денсаулық сақтау министрліктеріне жүгіну:
- мейірбике ісі саласында бакалаврлар, магистрлар мен философия докторларын даярлауға мемлекеттік тапсырысты көбейту мүмкіндігін қарастыру туралы;
- мейірбике ісі саласындағы ұлттық зерттеу басымдықтарын бекіту және осы басымдықтар шеңберінде ғылыми гранттар бөлу туралы.
4. Қазақстандағы жоғары оқу орындарының басшылығына ұсыныс беру:
- мейірбикелік іс бойынша зерттеулерді дамытуды алдағы бесжылдықтың басымдығы ретінде қарастыру;
- даму жоспарларында мейірбике ісі саласындағы зерттеулердің негізін қаржыландыруға арналған мақалаларды ұсыну (ағылшын тіліндегі толық мәтінді басылымдарға қол жетімділікті кеңейту, ішкі гранттарды бөлу, мақсатты қаржыландыру жобалары);
5. Қазақстан облыстарының денсаулық сақтау басқармаларына, университеттерге, колледждерге, республикалық клиникаларға мейірбике ісін жетілдіру орталығының аймақтық бөлімшелерінің сайттарын бірлескен ғылыми жобаларды бастау үшін, оның ішінде клиникалар мен ауруханалар базасында, алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінде, ғылыми орталықтарда пайдалануды ұсыныс беру.
6. ProInCa жобасы құрған әлеуетке сүйене отырып, серіктес университеттер екіжақты және көпжақты меморандумдар мен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге өзара көмек туралы келісімдер жасасу арқылы ғылыми байланысты нығайту.
Мейірбике ісіндегі көшбасшылықты ынталандыру мақсатымен
7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне, облыстық денсаулық сақтау басқармаларына өтігнішпен жүгіну:
- медициналық ұйымдарды мейірбикелік көшбасшылар мен озық / ілгері мейірбикелердің рөлі мен міндеттерін нормативтік құқықтық базаны қамтамасыз ету арқылы күшейтуге көмектесу туралы;
- медициналық ұйымдарға қолданыстағы заңнаманы сақтай отырып, мейірбикелер үшін жаңа басшылық лауазымдарды енгізу үшін олардың құрылымдық өзгерістеріне қолдау көрсету туралы;
- бас және жетекші мейірбикелерге мейірбикелік көшбасшылық мәселелері бойынша халықаралық конференцияларға қатысу және шетелде көшбасшылық тағылымдамадан өту үшін гранттар алу мүмкіндігі туралы;
- мейірбике ісі бойынша академиялық бакалавриат, магистратура және PhD дәрежелеріне дейін көтеру мақсатында бас және жетекші мейірбикелер үшін икемді және жеделдетілген оқу бағдарламаларын ұйымдастыру мәселелері бойынша университеттерді қолдау;
- мейірбике ісі жөніндегі жетекшілердің озық тәжірибелерімен бөлісу және мейірбикелік іс-тәжірибені жақсарту үшін олардың жұмысына қолдау көрсететін мейірбике кәсіпқой қауымдастығын мойындауды қарастыру туралы.
Халықаралық конференцияға қатысушылар
«Қазақстандағы мейірбикелік білім берудегі, ғылыми зерттеулердегі, көшбасшылық және клиникалық тәжірибедегі инновациялар»